Қыздар университетінің жас ғалымы көкөністің өнімділігін арттыратын препарат ойлап тапты

Сурет: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің аға ғылыми қызметкері Ақбота Қуандықова көкөністен мол өнім алуға мүмкіндік беретін жаңа препаратты синтездеп алды. Жас ғалымның жаңалығы ҚР Ұлттық зияткерлік меншік институтынан патентке ие болды.

Препарат жаңа фосфор органикалық қосылыстары негізінде алынған. Ақбота Қуандықованың айтуынша, ол картоп, сәбіз, пияз, қызанақ секілді көкөністердің өнімділігін арттырады. Синтездеу жұмысын жас ғалым микротолқынды сәулелерді пайдалана отырып жүргізген. 

Препарат далалық және зертханалық жағдайда сынақтан өтті.

"Жас ғалым препаратты ойлап таппас бұрын біраз уақыт тынымсыз зерттеу жүргізген. Химия ғылымдарының докторы, профессор Булат Джиембаев жетекшілігі мен өзінің табандылығы арқасында осындай жетістікке жетіп отыр. Ақбота Қуандықоваға бұл жаңалықты ашуға әріптесі, оқытушы Бану Диярова синтез барысында қатысып, көмектескен", - делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарламасында.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді