Ғалымдар Мариан шұңғымасынан шығатын зор дыбыстың көзін тапты

Сурет: pixabay
Мұхит және атмосфераны зерттеу жөніндегі ұлттық басқарманың америкалық ғалымдары алғаш рет 2014 жылы Тынық мұхитынан тіркелген зор дыбыстың нақты шығу көзін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Frontiers in Marine Science журналы ерекше шу 10 жыл бұрын Мариан шұңғымасында акустикалық зерттеу жүргізу кезінде тіркелгенін нақтылайды. Айта кетейік, шұңғыманың тереңдігі шамамен 11 шақырымды құрайды. Мамандардың айтуынша, шу металды соққандағы өткір дыбысқа, яғни қоңырау үніне ұқсайды. Бұл құбылыс ғылыми тілде  "биотван" деп аталады (тванг – электр гитараны тартқанда шығатын діріл дыбысына ұқсастырылған термин).

Зерттеу барысында зерттеушілер жұмбақ дыбысты көк немесе өркешті киттер шығарады деп болжады. Алайда, биотван бұл жануарлар шығаратын дыбыстың ешқайсысына сәйкес келмеді. Жаңа мәліметтерге сәйкес, биотвангты ірі мұртты киттер - Брайдтар шығарады. Олардың көлемі 14 метрге дейін, ал салмағы 25 тоннаға дейін барады.

Мариана архипелагы мен оның айналасындағы бақылау станциялары жасаған көпжылдық аудиожазбаларды ғалымдар талдау арқылы дыбыстардың пайда болуын осы түрдің көші-қон жолдарымен салыстырып көрді. Мамандар өз зерттеуіне жасанды интеллектіні пайдаланған. Сонымен қатар зерттеу биотванг Тынық мұхитының солтүстік-батысында ғана естілетінін көрсетті, дегенмен Брайд киттері әлдеқайда кең аумақта жүзеді, демек бұл дыбысты киттердің белгілі бір популяциясы ғана шығарады деп болжанады.

АҚШ
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі