Миды электрлік жетілдіру арқылы сал ауруына шалдыққан адамдарды аяғынан тік тұрғызуға болады - зерттеу

Гипоталамустың терең стимуляциясы Паркинсон ауруы және тремор сияқты қозғалыс бұзылыстарын емдеу үшін қолданылады. Алайда, Швейцария ғалымдары бұл әдіс жұлынның зақымдануы бар адамдарға да көмектесе алатынын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іргелі зерттеу нәтижелерін Nature Medicine ғылыми журналы жариялады.

Оның қорытындысында гипоталамусты жетілдіру арқылы бірнеше жыл сал ауруына шалдыққан адамдардың жүру қабілетін қалпына келтірді.

Гипоталамус — гипофизге қажетті гормондар қоспасын шығару үшін сигналдар жіберетін ми аймағы. Атап айтқанда, жылуды, аштық пен шөлдеу және оны қанағаттандыру, жыныстық мінез-құлық, қорқыныш, ашу сынды жұмыстарды реттейді.

Басылым авторлары гипоталамус пен оның стимуляциясы жұлын жарақаты бар тышқандардың жүру қабілетін қалпына келтіруде маңызды рөл атқарғанын анықтағаннан кейін, эксперименттік емдеуді адамдарға да қолданып көруді шешті.

Зерттеуге бірнеше жыл бұрын алған жарақаттары салдарынан сал ауруына шалдыққан ер және әйел адамдар қатысты. Мысалы, 54 жастағы австриялық Вольфганг 2006 жылы шаңғу тебу кезінде жұлынға алынған зақымнан кейін мүгедектер арбасына таңылған болатын.

Зерттеушілер электродтарды нақты қайда орналастыру керектігін анықтау үшін клиникалық сынақтарға қатысушылардың әрқайсысының миын егжей-тегжейлі сканерледі. Бұл кезде пациенттер хирургтарға кері байланыс беру үшін ояу болды.

Нәтижесінде екі қатысушы да баспалдақпен ешкімнің көмегінсіз шығып-түсе алатындай дәрежеге жетті. Бұдан бөлек, шкафтардағы заттарды алуға мүмкіндік пайда болды.

Мақала авторлары емдеу нәтижесі қысқа мерзімді ғана емес, сонымен қатар ұзақ мерзімді перспективада – тіпті электрлік ынталандыруды тоқтатқаннан кейін де сақталғанын атап өтті. Сондай-ақ, ғалымдар зерттеу жұлынның тез қалыпына келтіруге де көмектесетінін айтты.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: