Қазақтың жас ғалымы Оксфордқа шақырту алды

Сурет: Instagram/gylym_jogarybilim
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының жас ғалымы Арыстанбек Ақылбай Оксфорд университетіне арнайы шақыртумен студент ретінде қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

"Жас ғалым 2025 жылғы қаңтардан бастап Ұлыбританиядағы Оксфорд жаһандық және аймақтық зерттеулер мектебінде "Аймақтану" мамандығы бойынша оқитын болады", делінген хабарламада.

Оқуды аяқтағаннан кейін Арыстанбек Оксфорд университетінің қауымдастырылған түлегі мәртебесіне ие болатыны да айтылады.

"Бұған дейін ҚазҰУ-дың жас ғалымы Гарвардқа (АҚШ) шақырту алып, ғылыми қызметкер ретінде келісімшарт бойынша жұмыс істеген болатын", деп нақтылайды министрлік.

Бұған дейін ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы Жоғары ғылыми ұйым мәртебесіне ие болғанын жазған болатынбыз.

Қазақстан
Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін