Nature Communications басылымының жазуынша, бұл суреттер шөлдегі су көздеріне апаратын ежелгі "жол белгілері" ретінде қызмет еткен.
Халықаралық археологтар тобы Нефуд шөлінде бұрын зерттелмеген Жәбел-Арнаан, Жәбел-Млейха және Жәбел-Мисма аймағында 60-тан астам жартас суреттерін тапты. Бұл суреттерде 176 гравюра бар.
Гравюраларда негізінен түйелер, тау текелері, тақтұяқтылар, ірі қара түрлері мен өзге де жануарлар бейнеленген.
Бұл суреттер шамамен 12 800 жылдан 11 400 жылға дейінгі кезеңге жатады. Ол кезде аймақта ұзаққа созылған құрғақшылықтан кейін маусымдық су қоймалары қайта пайда болған.
Сурет: Мария Гуаньин
Тұнбаларды талдау нәтижесінде расталған бұл су көздері адамның шөлдің ішкі бөліктерін ол кезде де зерттей алғанын көрсетеді.
Бұған дейін ғалымдар жер астынан 600 метрлік тылсым туннельдерді тапқанын жазғанбыз.