Бұл кадрлар 2026 жылғы 3 ақпанда Ресей Ғылым академиясына қарасты Ғарыштық зерттеулер институтының (ИКИ) Күн астрономиясы зертханасы мен Күн–Жер физикасы институтында (ИСЗФ) жарияланды.
"Бәрібір бұл галактикалық бөлшек болуы мүмкін деген пікір бар", – деп жазылған түсіндірмеді
Дәл осындай "құсқа" ұқсас нысанды LASCO телескопы 2025 жылдың көктемінде де тіркеген болатын.
Сол кездегі сипаттамада былай делінген еді: "Видеода анық "құс" немесе "ұшатын аппарат" тәрізді нысан және оның артынан созылған "отты із" көрінеді. "Құстың" бір қанатының ұзындығы шамамен 150 мың шақырым. Күн бетінен "ұшу" биіктігі – шамамен 2 миллион шақырым. Егер бұл оптикалық емес, нақты физикалық нысан деп есептесек, оның өлшемі Жерден 10 еседен аса үлкен".
Бұл сурет сирек кездесетін кадр ретінде бағаланған. Алайда телескоп объективіне нақты қандай нысан түскені туралы нақты түсіндірме берілмеген.
Сурет: xras.ru
LASCO суреттерін өңдеумен айналысатын мамандардың бірі, доктор Карл Баттамс бұл нысанды зарядталған бөлшектің ізі деп есептейтінін айтты. Оның пікірінше, мұны дәлелдейтін басты жайт – егер телескоп маңынан нақты дене ұшып өтсе, сурет бұлыңғыр болар еді, ал мұнда ондай бұлдырлық байқалмайды.
Ал Күн астрономиясы зертханасында 2025 жылдың көктемінде келесідей болжамдар айтылған: "Нысан шынайы болуы мүмкін, бірақ ол Күнге жақын емес, телескоптан ондаған немесе жүздеген шақырым қашықтықта орналасып, тек Күн фонына проекцияланған болуы ықтимал. Мұндай жағдайда сурет фокустан шықпайды. Осы түсіндірме бойынша кадрда нысанның ыдырау сәті көрінуі мүмкін (сол себепті "құйрық" пайда болады), ал соңғы кезеңде жарықтың күрт күшеюі детектордың шамадан тыс қанығуына әкеледі (ол "құс қанаттары" сияқты көрінеді). Бірақ бұл қандай нысан екенін бірден айту қиын, өйткені ашық ғарышта оның бұзылуына айқын себеп жоқ".
Зертхана мамандары сондай-ақ экзотикалық, бірақ ғылыми тұрғыдан мүмкін тағы бір нұсқаны да жоққа шығармайды:
"Детекторға энергиясы өте жоғары, ерекше бөлшек түсуі мүмкін. Ол екінші реттік бөлшектердің лавиналық түзілуін тудырады. Мұндай жағдайда "құйрық" – сол екінші реттік бөлшектердің ізі, ал "құс" негізгі бөлшек энергиясының соңында жарқырап көрінуінен пайда болады",- дейді мамандар.
Бұған дейін ғалымдардың ғарыштан тіршілікке қажетті маңызды молекуланы тапқанын жазғанбыз.