Дзюдошы Асқар Біржанов жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Сурет: IJF
Қазақстандық дзюдошы Асқар Біржанов Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жерлесіміз 100 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде Никита Юдановпен кездесті. Нәтижесінде Асқар Біржанов жеңіске жетіп, қола жүлдеге ие болды.
Осылайша ол әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальді салды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript