Илон Масктің жаңа компаниясы әлемдегі ең қымбат компанияға айналды

Сурет: Х/SpaceX
Миллиардер Илон Масктің жаңа жобасы жеке компаниялар арасында әлемдегі ең қымбат компания атануға үміткер болып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселе мынада, 2 ақпанда Илон Маск SpaceX компаниясының ресми сайтындағы мәлімдемесінде өзінің екі компаниясын – аэроғарыштық SpaceX пен жасанды интеллект саласындағы xAI стартапын біріктіретінін жариялады.

"Бұл SpaceX пен xAI миссиясындағы жаңа тарау ғана емес, тұтас бір жаңа кітаптың басталуы. Біздің мақсатымыз – ақылды "күнді" ауқымды түрде қалыптастырып, Ғаламды тану және сананың жарығын жұлдыздарға дейін жеткізу", – деп жазды Маск өзіне тән эмоциялық стилімен.

Сарапшылардың есептеуінше, біріктірілген жаңа компанияның нарықтық құны 1,25 триллион доллар деп бағаланып отыр. Бұл көрсеткіш оны жеке компаниялар арасындағы әлемдегі ең қымбат компанияға айналдырады. Масктің айтуынша, жаңа құрылым ғарыштағы деректерді өңдеу орталықтарын (data-center) құру және іске қосуды қолға алады.

"Ғарыштық деректерді өңдеу орталықтарын құру арқылы ашылатын мүмкіндіктер Ай мен Марста тұтас бір өркениетті дамытуға, ал түпкі мақсатта – Ғаламға кеңеюге қаржылай және технологиялық негіз болады", – деп мәлімдеді миллиардер.

Бұған дейін ғарышта жұмбақ "құс" қайта көрінгенін жазғанбыз.

АҚШ
Маск Илон

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды