Антарктика мұхитының түбінен акула байқалды

Сурет: pexels
Антарктика түбінен 3-4 метрлік "ұйқыдағы акула" табылды. Бұл ерекше жайт "Антарктика суларында акулалар тіршілік етпейді" деген түсінікті жоққа шығарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Gazeta.ru мәліметінше, шамамен 490 метр тереңдіктегі түсірілімді Minderoo-UWA Deep Sea Research Centre жүргізген. Ондағы су температурасы небәрі 1,27°C болған.

Орталық директоры Алан Джеймисон бұл жағдайдың күтпеген жаңалық болғанын айтты:

"Біз акуланы көреміз деп ойлаған жоқпыз, өйткені жалпы қабылданған пікір бойынша, Антарктикада акулалар болмайды. Табылған "олжа" нағыз алып жыртқыш балық", – деді ол.

Ғалымның айтуынша, ғылыми әдебиеттерде Оңтүстік мұхит аумағында акулалардың кездескені жөнінде расталған деректер жоқ. Charles Darwin University университетінің тәуелсіз сарапшысы, биолог-консервационист Питер Кайн да бұған дейін бұл аймақта акулалар тіркелмегенін атап өтті.

Бейнекадрларда акуланың тіршілік нышаны байқалмайтын теңіз түбімен баяу қозғалып жүргені көрінеді. Сондай-ақ кадрдан акулалардың туысы – скат та байқалады. Зерттеушілердің болжамынша, акулалар Антарктикада бұған дейін де болуы мүмкін, алайда өңірдің қолжетімсіздігіне байланысты байқалмай келген.

Алан Джеймисонның пікірінше, мұндай акулалар теңіз түбіне батып кеткен киттердің, алып кальмарлардың және басқа да ірі теңіз жануарларының өлекселерімен қоректенуі мүмкін.

Ғалымдар сондай-ақ климаттың өзгеруі мен мұхит суларының жылынуы жыртқыштардың таралу аймағына әсер етіп, олардың жаңа аймақтарға қоныс аударуына ықпал етуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды