DiscoverWildlife мәліметінше, Эфиопияда қорқау қасқырлар мен айдарлы құзғындар сияқты "қалалық тазалаушылар" жыл сайын мың тоннадан астам көмірқышқыл газының атмосфераға таралуының алдын алады. Олар мұны жай ғана өлекселерді жеп қою арқылы жүзеге асырады. Мұндай жануарлар Эфиопияның ірі қалаларында жиі кездеседі – олар көзге көп түсе бермей, қолжетімді қорекпен күнелтеді.
Қаладағы 660 мың тұрғын жыл сайын жалпы саны бір миллионнан астам тауық, ешкі және қой сояды. Соның қалдықтарының шамамен үштен екісі жол жиегіне немесе ашық жерлерге тасталады. Бұл қалдықтар шіріп, метан мен көмірқышқыл газы сияқты парниктік газдарды бөледі. Ал өлексемен қоректенетін жануарлар осы қалдықтарды жеп, көміртектің қоршаған ортаға таралуын азайтуға ықпал етеді.
Зерттеуге сүйенсек, қалада жыл сайын шамамен 1240 тонна ет қалдығы пайда болатыны анықталды. Бұл шамамен 31 мың тірі қойдың салмағына тең. Оның жартысына жуығын қорқау қасқырлар, қаңғыбас иттер және африкалық қасқырлар жейді.
Осы жануарлардың арқасында жыл сайын шамамен 1063 тонна көмірқышқыл газының ауаға таралуының алды алынып, қалдықтарды басқару саласы шамамен 100 мың АҚШ долларын үнемдейді.