Бұл ерекше олжаны бастауыш сынып оқушылары байқап қалған. Оқиға туралы The Guardian басылымы жазды.
Мәліметке сәйкес, Жозефина Бейкер атындағы бастауыш мектеп маңынан табылған қаңқа жақсы сақталған. Ол шамамен ені бір метр болатын шұңқырға орналастырылған. Қаңқаның қолдары тізесінің үстіне қойылған, ал арқасы шұңқырдың шығыс қабырғасына сүйеліп тұрған.
Сурет: theguardian
Ғалымдардың айтуынша, бұл Дижон қаласында табылған осындай бірнеше жерлеу орындарының бірі. Бұған дейін де бұл өңірде адамдарды батысқа қаратып, отырған күйде жерлеген жағдайлар кездескен.
Бұған дейін Альпі тауларынан 2000 жыл бойы жасырын жатқан ерекше құрылыс табылғанын жазғанбыз.