Альпі тауларынан 2000 жыл бойы жасырын жатқан ерекше құрылыс табылды
Сурет: pexels
wionews мәліметінше, Базель университетінің зерттеушілері Граубюнден кантонының археологиялық қызметімен бірлесіп, 2021 жылдан бері Крап-Сес аймағын (Кунтер мен Тифенкастель арасы) зерттеп келеді.
Ғалымдар бұған дейін Альпінің Оберхальбштайн өңірінде римдіктердің шайқас алаңы болғанын білгенімен, мұндай әскери лагерьдің барын күтпеген.
Анықталған лагерь теңіз деңгейінен 2100 метрден астам биіктікте орналасқан.
Граубюнден кантонының мәліметіне сәйкес, бұл лагерь стратегиялық тұрғыдан тиімді жерде салынған. Биікте орналасуы рим әскеріне аңғарлар мен тау асуларын бақылауға мүмкіндік берген, ал мұндай аумақтарды төменнен бақылау қиын болған.
Қазіргі таңда лагерьден ор мен қорған қабырғасының іздері ғана сақталған. Алайда оның римдіктерге тиесілі екенін дәлелдейтін ең маңызды айғақ – 3-ші рим легионының таңбасы басылған қорғасыннан жасалған праща оқтары табылған.
Бұған дейін мысырлық археологтардың су астында қалған 80 тонналық шамшырақтың құпиясын ашуда екенін жазғанбыз.