ШҚО-да балабақша бухгалтері мен меңгерушісі 3 жыл бойы өздеріне ақша аударып келген
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
ШҚО прокуратурасы 40 млн теңгеден астам бюджет қаражатының жымқырылғанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Үлкен Нарын ауданының прокуратурасы "Малонарым ауылының балабақша-бөбекжайы" КМҚК-да тексеру жүргізу барысында балабақша бухгалтерінің 3 жыл бойы өзінің және меңгерушінің шотына артық жалақы сомаларын, сондай-ақ салықтар мен міндетті аударымдарды төлеуге арналған қаражатты аударып келгенін анықтады.
"Ұзақ уақыт бойы тәрбие мекемесінің 18 қызметкері үшін жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар төленбеген. Меңгеруші мен бухгалтердің шоттарына заңсыз аударылған қаражаттың жалпы сомасы 42 млн теңгеден асады", – делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша аудандық прокуратура сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады.
Тергеу мүддесіне байланысты, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript