Мектеп бухгалтері бюджеттен 76 млн теңге жымқырғаны үшін 7 жылға сотталды

Мектеп бухгалтері бюджеттен 76 млн теңге жымқырғаны үшін 7 жылға сотталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2023 10:45 Сурет: freepik
Маңғыстау облысында прокурорлар облыс орталығының жалпы білім беретін мектептерінің бірінде 76 млн теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылғанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Штаттық кесте мен банктік шоттарды салыстыру барысында 3 жыл бойы өзіне артық соманы есептеген мектептің бас бухгалтерінің тиісті және іс-жүзінде төленген жалақысының арасындағы айырмашылық анықталды. Аталған факті бойынша прокурорлармен қылмыстық іс қозғалып, тергеу ЭТД-не тапсырылды.

"Тергеу барысында аталған мектептің есепшісі кінәсін толықтай мойындады. Сот үкімімен кінәлі адам ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету) бойынша 5 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген Маңғыстау облысы прокуратурасының хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: