Мысырлық археологтар су астында қалған 80 тонналық шамшырақтың құпиясын ашуда

Мысырлық археологтар су астында қалған 80 тонналық шамшырақтың құпиясын ашуда, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2026 13:14 Сурет: GEDEON Programmes
Мысырда сүңгуірлер бұрын жоғалып кеткен Александрия шамшырағы қалдықтарын тауып, енді оның құпияларын зерттеуге кірісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

DailyGalaxy мәліметінше, жуырда сүңгуірлер Жерорта теңізінің түбінен 22 ірі тас блокты көтеріп шығарған. Бұл тастар кезінде Александрия портына бағыт көрсеткен алып шамшырақтың бөлігі болған.

Шамшырақ б.з.д. шамамен 280 жылы Птолемей II Филадельф билік еткен кезеңде салынған. Биіктігі 100 метрден асатын бұл құрылыс ежелгі әлемнің жеті кереметінің бірі саналған және сол заманның инженерлік ғажайыбы болған.

Ол мың жылдан астам уақыт бойы теңізшілерге жол көрсетіп тұрғанымен, XIV ғасырда болған күшті жер сілкіністерінің салдарынан қирап, кейін су астында қалған. Алайда оның қалдықтарының табылуы археологтарға бұл тарихи ескерткіш туралы жаңа мәліметтер алуға мүмкіндік беріп отыр.

Қазіргі таңда археологтар мен сүңгуірлер осы бөлшектерді біртіндеп су бетінe шығарып жатыр. Табылған тас блоктар шамшырақтың қалай жобаланып, қалай салынғанын тереңірек түсінуге жол ашады.

Ғалымдардың болжамынша, оның төбесіндегі от 50 шақырым қашықтықтан көрінген. Сондай-ақ жарықты теңіз бетіне бағыттау үшін айна қолданылған болуы мүмкін.

Бұған дейін Марста сирек минерал табылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: