"Мен тек әке ретінде іздедім…" – жоғалған сәбиді тапқан полицейдің сөзі елді тебірентті

"Мен тек әке ретінде іздедім…" – жоғалған сәбиді тапқан полицейдің сөзі елді тебірентті, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2026 22:18 Сурет: polisia.kz
Абай облысында айдалада жоғалып кеткен сәбиді облыстық полиция департаментіне қарасты Ақсуат ауданы полиция бөлімінің аға криминалисі, полиция майоры Бақытбек Лиясканов тауып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бүлдіршінді ауылдан бірнеше шақырым жерден, иен даланың ортасында жалғыз жүрген жерінен байқап қалған.

Офицер бұл жағдай туралы былай деп еске алды:

"Жүрегіммен оның дәл осы маңда екенін сездім. Мені не жетелегенін білмеймін… бірақ сол бір ішкі күш мені сәбидің тұрған жеріне алып келді. Мен өзімді батыр санамаймын – тек өз жұмысымды атқардым. Дегенмен қатты алаңдадым… себебі мен де әкемін", – дейді ол.

Бұған дейін Қарағанды облысында жоғалып кеткен 13 жасар жасөспірім табылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: