Жоғалып кеткен 13 жасар жасөспірім табылды: істің мән-жайы ашылды

Жоғалып кеткен 13 жасар жасөспірім табылды: істің мән-жайы ашылды , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2026 13:59 Сурет: Instagram/rozysk_karagandy_rinakz
Қарағанды облысында жоғалған 13 жастағы Рыс Бибарыс аман-есен табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс жайлы егжей-тегжейлі өңірлік Төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметі баяндап берді.

"2 сәуір күні сағат 02:40-та Қарағанды облысы ТЖД-нің 112 пультіне Абай ауданында 2012 жылы туған кәмелетке толмаған баланың жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Оны түскі уақытта Абай қаласы маңындағы далалы аймақта тапты. Медициналық көмек қажет болмады. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім достарымен бірге Абай қаласынан Қарабас кенті бағытына жаяу шыққан. Қарабас кентіндегі теміржол өткелі маңында балалар екіге бөлініп, екі жасөспірім үйлеріне өздері қайтқан. Туыстарының айтуынша, бала соңғы рет шамамен сағат 20:00-де анасына хабарласып, бағдарынан адасып қалғанын айтқан",- делінген ақпаратта.

Әлеуметтік желілерде баланың байланыстан алшақтамас бұрын анасына жіберген аудиохабарламалары таралды:

"Анашым, менде 60 секунд қалды... біреулерді жіберші...полицияны... Анашым, көмектесші, менің өлгім келмейді. Мен сені жақсы көремін".

Ауқымды іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ТЖМ-нің 52859 әскери бөлімі, полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ туыстары, волонтерлер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылған. Сонымен қатар, әуеден шолу жүргізу үшін ТЖМ-нің "Қазавиақұтқару" тікұшағы жұмылдырылды.

12.05-те мобильді топтар (волонтёрлер) баланы Абай қаласынан 15 км қашықтықтағы дала аймағынан тапты.

Бұған дейін Ақтөбе облысында жоғалған 10 жасар бала әлі табылмай жатқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: