Ақтөбе облысында жоғалған 10 жасар бала әлі табылмай жатыр
Сурет: видеодан алынды
Мәртөк ауданы, Елек өзенінің маңында, Сарыжар ауылынан бес шақырым жерде, 2016 жылы туған баланың қайда екенін анықтау бойынша кеше басталған іздестіру жұмыстары әлі жалғасуда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылы 1 сәуірде ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады:
"Хабарлама түскеннен кейінгі алғашқы сағаттардан бастап іздестіру іс-шараларына ТЖМ әуе кемесі дереу тартылды. Авиация жедел келіп, өзен арнасының ұзын бөліктері мен іргелес жерді қоса алғанда, едәуір аумақты ұшып шықты, бұл қысқа мерзім ішінде үлкен іздеу алаңдарын қамтуға мүмкіндік берді. Іздестіруге 370-ке жуық жеке құрам, 60-тан астам техника, 11 жүзу құралы, 5 ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылған. Сонымен қатар кинологиялық есептоптар, ТЖМ психологтары мен медицина қызметкерлері тартылған. Іздестіру жұмыстарына бұдан бөлек полиция қызметкерлері, ТЖМ әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері мен Ұлттық ұлан, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, еріктілер және жергілікті тұрғындар қатысуда. Жұмыс басталғалы ТЖМ сүңгуірлері 70-тен астам суға түсуді орындап, 4,8 шақырымға жуық акваторияны тексерді. Жүзу құралдарын қолдану арқылы өзен арнасының 30-дан астам шақырылым тексерілді. Жаяу топтар жағалау бойымен шамамен 45 шақырым жүріп өтті".
Сондай-ақ іздестіру жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп, күндіз де, түнде де тоқтаусыз жалғасып жатқаны нақтыланады.
Оқиға орнында ТЖМ жедел штабы өрістетілді.
"Жұмыс жүргізу аймағында ТЖД мен ДП командалық-штабтық машиналары жұмыс істейді, спутниктік терминалдар (Starlink, Iridium) арқылы тұрақты байланыс қамтамасыз етілген. Іздестіру жұмыстары жалғасуда", делінген хабарламада.
Бұған дейін Ақмола облысында жоғалып кеткен 10 жасар бала Елек өзенінен іздестіріліп жатқаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript