Степногорскіде жоғалып кеткен 13 жасар жасөспірім қыз аман-есен табылды
Сурет: pixabay
30 маусымда кешке Степногорск қаласының полициясына 13 жастағы қыздың белгісіз бағытқа шығып, содан жоғалып кеткені туралы дабылды хабарлама келіп түсті. Қыз телефон қоңырауларына да жауап бермеген, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицейлер дереу іздеу шараларына кірісіп, іздеу тобының құрамына учаскелік инспектор Әділ Кутушев те кірді. Қыздың анасымен бірге ол қараңғыда да іздеу жұмыстарын жалғастырды.
"Полиция қызметкері қала сыртындағы техникалық ғимараттар мен аумаққа ерекше назар аударды. Ол әр минуттың маңызды екенін түсінді. Іздеу тек таңертең аяқталды. Сағат 4:30 шамасында қыз даладан табылды. Қараңғыда жасөспірім адасып, үйге қайтар жолды өз бетінше таба алмаған. Қыз дереу анасына табысталды. Оның өмірі мен денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ", делінген полиция хабарламасында.
Қыздың анасы полиция қызметкеріне алғыс білдірді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript