Үрмелі қайықпен Каспий теңізіне шыққан үш ер адам жоғалып кеткен

Теңіз, Каспий, суға бату, ер адам, Жаңаөзен, үрмелі қайық, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2026 16:46 Сурет: pixabay
"112" пультіне Жаңаөзен қаласының үш тұрғынының жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Олар шамамен екі сағат бұрын "Кендірлі" демалыс базасы ауданында үрлемелі қайықпен теңізге шыққан, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ТЖМ мен ҰҚК Шекара қызметінің күштері мен құралдары жедел түрде жіберілді. Іздеу жұмыстары барысында құтқарушылар ер адамдардың бірін өздігінен жағалауға қарай жүзіп келе жатқан жерінен анықтады.

"Құтқарушылар оны бортқа көтеріп, жағаға жеткізді. Қалған екі ер адамды іздестіру жұмыстары түнгі уақытта да жалғасты. Жұмыстар тәуліктің қараңғы уақыты мен су айдыны аумағының кең болуына байланысты қиындады. Іздеу жұмыстары әртүрлі бағыттар бойынша төрт секторда ұйымдастырылды. Құтқарушылар су айдынының 20 шақырымнан астам аумағын, ал әуеден 70 шақырымнан астам аумақты тексерді. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде қалған екі ер адам жағалаудан 10 шақырым қашықтықтан іздеу тобының күшімен табылды. Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы ТЖМ күштері мен құралдары, ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері және еріктілер тартылды", делінген төтеншеліктер хабарламасында.

Сонымен қатар іздеу жұмыстарына ТЖМ "Қазавиақұтқару" тікұшағы мен ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.

Бұған дейін Қостанай облысында әкесі мен қызы өзенге батып кеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: