Оралда суға батып кете жаздаған ер адам айыппұл арқалады
Сурет: pixabay
Орал қаласының "Металлист" ауданында адамның суға батып жатқаны туралы 112 пультіне хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылы 8 тамызда ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады:
"Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, 1991 жылы туған ер адамды судан алып шықты. Оны жағаға аман-есен шығарды. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ".
Сондай-ақ ер адамның арнайы жабдықталмаған, "Шомылуға тыйым салынған" белгісі орнатылған жерде суға түскені анықталды.
"Осыған байланысты оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды", делінген хабарламада.
Бұған дейін Астанада көпқабатты үйдің ауласындағы шалшық суға шомылған екі тұрғын қамауға алынғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript