Астанада көпқабатты үйдің ауласындағы шалшық суға шомылған екі тұрғын қамауға алынды

Задержание, арест, наручники, задержанный, арестованный, преступник, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2026 18:34 Фото: pexels
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері тұрғын үй кешенінің ауласындағы жаңбыр суы жиналған шалшықта шомылып, алкоголь ішкен екі ер адамның видеосын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейнежазбадағы азаматтардың жеке басы анықталып, олар жауапкершілікке тартылды.

Полицияның мәліметінше, ер адамдар алкогольдік ішімдік ішіп, шалшыққа түсіп шомылған, суды теуіп, жанында жүрген балаларға қарай шашқан.

Аталған факті бойынша Астана полиция департаменті тексеру жүргізіп, оқиғаға қатысушылардың жеке басын анықтады.

"Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін екі азамат та ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен олардың біріне 25 тәулікке, екіншісіне 7 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды", – делінген хабарламада.

Полиция қоғамдық орындарда мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін еске салды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: