Астанада орынсыз пранк жасаған ер адам 10 тәулікке қамауға алынды
Сурет: pexels
Әлеуметтік желіге мониторинг жасау барысында полиция қызметкерлері ер адамның қорқынышты киім киіп, жеделсаты істен шыққандай етіп көрсетіп, қызды әдейі шошытқан видеосын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Осы оқиға бойынша 26 жастағы қала тұрғыны полицияға жеткізіліп, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сот шешімімен 10 тәулікке қамауға алынды", делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Полиция мұндай "әзілге" жол берілмейтінін еске салып, азаматтарды қоғамдық тәртіп нормаларын сақтап, айналадағы адамдарға құрметпен қарауға шақырады.
Бұған дейін пранк түсіремін деп қытайлардан әбден сөз естіген қазақстандық блогер қыз полиция назарына іліккенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript