Астанада бес жасар сіңлісін көшеде "тәртіптеген" бойжеткеннің басы дауға қалды

Бес жасар қызды ұру, Астана, әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2023 20:26 Сурет: әлеуметтік желіден алынды
Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында полиция белгісіз бойжеткеннің кәмелетке толмаған қызды ұрып жатқан видеосын анықтап, қажетті шара қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция 14 тамызда таңғы уақытта 5 жасар қыз балабақшаға барғысы келмегенін, осыған байланысты 17 жастағы туысы оған қол жұмсап, "тәртіптегенін" анықтады. 

Бойжеткенге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-2-бабы 1-бөлігі "Ұрып-соғу" бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Қыз баланың заңды өкілдері болған оқиғаны әрі қарай талқылаудан бас тартты. Оларға балалар психологымен жұмыс істеу ұсынылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: