Астанада әлеуметтік желідегі бейәдеп сөздері үшін блогер 10 тәулікке қамауға алынды

Астанада әлеуметтік желідегі бейәдеп сөздері үшін блогер 10 тәулікке қамауға алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2026 19:55 Сурет: видео скрині
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында құқыққа қайшы бейнежазба анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

TikTok әлеуметтік желісінде ер адамның қоғамдық орында бейнежазба түсіру барысында балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны анықталды.

Кейін ол аталған бейнежазбаны өзінің парақшасында жариялап, құқыққа қайшы әрекетін көпшілікке ашық түрде таратқан.

Полиция қызметкерлері оның жеке басын жедел анықтады. Құқық бұзушы 32 жастағы Мирас Беркінбаев болып шықты. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 10 тәулікке қамауға алынды.

Полиция әлеуметтік желілерге тұрақты мониторинг жүргізеді.


"Азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және әлеуметтік желілерде әдеп нормаларын ұстануға шақырамыз", – делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: