Астанада такси ішінде әдепсіз әрекет көрсеткен ер адам қамауға алынды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2026 13:02 Фото: Zakon.kz
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері такси жүргізушісіне қатысты жолаушының құқыққа қайшы әрекет жасағанын анықтады.

Жарияланған бейнежазбада ер адамның көлік салонында қызға тиісіп, балағат сөздер айтқаны көрінеді. Аталған факт бойынша 39 жастағы құқық бұзушы — Данияр Ахметов анықталды.

Оған қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс жүргізу басталды. Соттың шешімімен оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамақ түріндегі жаза тағайындалды.

Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіп нормаларын сақтауға, бір-біріне құрметпен қарауға және қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттерге жол бермеуге шақырады

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: