Желіде танымал болғысы келген жүргізуші айыппұл арқалады
Сурет: видео скрині
Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Көлік иесі әлеуметтік желідегі көрсетілімді көбейтіп, танымалдығын арттыру мақсатында түрлі қитұрқылықтар жасап, жол жүру ережелерін бұзған.
Сонымен қатар, көлікті мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз басқарған.
Құқық бұзушы LEXUS IS-F маркалы автокөлігінің жүргізушісіне әкімшілік хаттамалар толтырылып, барлығы 147 680 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Көлік айып тұрағына қойылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript