Таразда жол ережесін бұзып, желіні шулатқан жүргізуші ұсталды
Сурет: Zakon.kz
Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Тараз қаласының көшелерінде жол ережесін өрескел бұзған Mercedes-Benz маркалы автокөлігінің жүргізушісін анықтады. Ол 21 жастағы Шымкенттік тұрғын болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жамбыл облысының полицейлері жүргізушіні анықтап, көлік құралына бағдарлауды Шымкент қалалық ПД-не тапсырып, құқық бұзушыны ұстады.
Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, 110 760 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабына сәйкес жүргізуші алты ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылады
Көлік құралы арнайы айыптұраққа қойылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript