Жол ережесін өрескел бұзған 19 жастағы алматылық қамауға алынды

Задержание, арест, наручники, задержанный, арестованный, преступник, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2026 14:05 Фото: pexels
Алматыда полицейлер жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған Mercedes көлігінің 19 жастағы жүргізушісін жауапқа тартты. Оның заң бұзғаны түсірілген видео әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг кезінде анықталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құқық бұзушының кім екені дереу анықталған. Жас жігіттің жүргізуші куәлігі де болмаған. Көлікті басқару құқығынсыз жүргізгені үшін оған қатысты әкімшілік шара қолданылды.

Сонымен қатар, полицияның мәліметінше, қоғамдық тәртіпті бұзып, өз әрекетін әдейі көрсеткені үшін сот оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды.

Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотының шешімімен оған бес тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды. Бұл туралы полиция 2026 жылғы 18 шілдеде хабарлады.

Полиция әлеуметтік желілерде жарияланған құқыққа қайшы әрекеттер көрсетілген материалдар тексеруге негіз болатынын, ал заң бұзған азаматтар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылатынын еске салды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: