13 жыл бойы жасырынып келген қылмыскер Жамбыл облысының ауылдарының бірінде ұсталды
Сурет: ҚР ІІМ
13 жылдан астам уақыт бойы жасырынған қылмыскер Жамбыл облысының ауылдарының бірінде ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2011 жылы Арқалық маңында бір тоннадан астам марихуана тасымалдаған қылмыстық топ ұсталды.
Операция барысында сегіз адам қамауға алынды, бірақ күдіктілердің бірі жасырынып үлгерген. Іздеу жұмыстарын тоқтатпаған тәртіп сақшылары қаскүнемді құрықтады.
Ағымдағы жылдың қараша айында ІІМ криминалдық полиция департаментінің қызметкерлеріне іздеуде жүрген адамның Жамбыл облысының ауылдарының бірінде екендігі туралы жедел ақпарат келіп түсті.
Жүргізілген жедел–іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript