Бір айдан астам уақыт бойы полициядан жасырынып келген қылмыскер ұсталды
Фото: pexels
ШҚО полициясы бір айдан астам уақыттан бері жасырынып келген қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
27 жастағы ер адам алаяқтық жасады деген айыппен Ақмола облысындағы демалыс базаларының бірінде ұсталды. Ол сол жерде бір айдан астам уақыт бойы жасырынған.
Тергеу барысында оның шығысқазақстандық азаматтан көлікті сатамын деген сылтаумен 350 мың теңге алдап алғаны анықталды. Қазіргі уақытта қылмыскер қамауда отыр.
Айта кетейік, 2024 жылы Шығыс Қазақстан облысында полицейлер 45 қылмыскерді ұстады. Олардың 19-ы бұрын жасалған қылмыстар үшін іздеуде болған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript