Шымкентте жеті жыл бойы жасырынып келген алаяқ сотталды
Сурет: freepik
Шымкентте жеті жыл бойы шетелде жасырынып келген алаяққа сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
4 қыркүйекте Шымкент қалалық полиция басқармасы хабарлағандай, аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс сонау 2015 жылы қозғалған. Шымкент тұрғыны ақшалай сыйақыға 30 адамды емдеу мекемелеріне жұмысқа орналастырамын деп уәде берген. Ол досы арқылы жұмыс іздеп жүргендерден 26,4 мың доллар алып, ол із-түзсіз жоғалып кеткен.
Бірнеше жыл бойы күдіктіні іздеу еш нәтиже бермеген, өткен жылы ғана Қаратау аудандық полиция бөлімінің тергеушісі Асылжан Ырысметов тергеуге кірісті. Ол алаяқтың шетелге қашып кеткенін анықтады. Күдікті Өзбекстанда ұсталып, Шымкентке депортацияланды.
Сот жеті жыл бойы шетелде жасырынып келген күдіктіні төрт жыл алты айға бас бостандығынан айырды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript