2016 жылдан бері іздеуде жүрген азамат Өскеменде ұшақтан түскен бойда ұсталды

2016 жылдан бері іздеуде жүрген азамат Өскеменде ұшақтан түскен бойда ұсталды , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2025 15:43 Сурет: Instagram/eastkazpolice
ШҚО полицейлері 9 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскерді әуежайда ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұстау кадрларымен 2025 жылғы 21 сәуірде ШҚО ПД баспасөз қызметі бөлісті.

"Шығыс Қазақстан облысының полицейлері 2016 жылдан бері іздеуде жүрген 38 жастағы азаматты әуежайда ұстады.Ол жалпы сомасы шамамен 5 миллион теңгені құрайтын алаяқтық жасаған деген күдікке ілінген",- делінген ақпаратта.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, күдікті біреудің қаражатын сеніміне кіре отырып оған қиянат жасаумен иемденгені үшін іздестірілген.

"Осы жылдар ішінде ол әділ соттан жалтарып, тұрғылықты жерін жиі ауыстырып отырған және қоғамдық орындардан әдейі бой тасалап жүрген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні Өскемен қаласына ұшып келген сәтінде, ұшақтан түскен бойда ұстады.Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде",- деп мәлімдеді ведомство.

Бұған дейін ең ірі зертханалар желісі қазақстандықтарға ескертумен жүгінгендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: