Жамбыл облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы ұсталды
Сурет: pexels
24 қаңтарда сағат жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Жамбыл облысының полицейлері ҰҚКД қызметкерлерімен бірігіп 2018 жылдан бер3 мемлекетарылық іздеуде болған қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, 35 жастағы Өзбекстан азаматы Өзбекстан Республикасы ҚК-нің 216-бабы 1-бөлігімен (Кәмелетке толмаған адамды заңсыз қоғамдық бірлестіктер мен діни ұйымдардың қызметіне қатысуға итермелеу) көзделген қылмысты жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған.
Ұсталған қылмыскер Тараз қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ведомство өкілдері күдікті Өзбекстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырылатынын мәлімдеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript