Атырау полицейлері халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын ұстады

Атырау полицейлері халықаралық іздеуде жүрген шетелдікті ұстады  , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.01.2023 22:11 Cурет: polisia.kz
Атырау полицейлері халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көші-қон заңдылықтарын бұзған шетел азаматтарын анықтау және олардың жолын кесу, ҚР аумағынан өз еркілерімен шығу туралы сот қаулыларын орындамаған шетелдіктерді ұстау мақсатында Атырау облысы аумағында "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

"Аталған шара кезінде 17 қаңтар күні Атырау қалалық полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 517-бабы 3-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған мемлекетаралық іздестіруде жүрген 1992 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады", -  делінген polisia.kz таратқан хабарламада.

Шетелдік азамат Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 158-бабы 2-бөлігі, яғни ұрлық қылмысы бойынша 2021 жылдан бері іздеуде болған. Қазіргі уақытта күдікті Атырау полиция басқармасының жедел-тергеу тобына тапсырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: