Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанай облысының полицейлері іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын ұстады

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2023 23:15 Сурет: polisia.kz
Қостанай полицейлері есірткі таратты деген күдікке ілінген іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

5 қазанда "Заңсыз келуші – 2023" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде көші-қон қызметінің қызметкерлері криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп Өзбекстан Республикасының құқық қорғау органдарында іздеуде жүрген азаматты анықтады.

Бұл жағдайды полиция қызметкерлері осы азаматтың көші-қон қызметіне мемлекеттік қызметтерді алу мәселесі бойынша жүгінген кезінде анықтады. Іздеуде жүрген адам ұсталды.

Қостанай облысының полиция департаменті "Заңсыз – келуші 2023" операциясының төрт күнінде полицейлер көші-қон заңнамасын бұзудың 100-ден астам дерегін анықтағанын хабарлады. 16 шетелдік азамат елге 5 жыл бойы кіре алмайды.

Қазақстандық азаматтардың шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартуының 12 фактісі анықталды. Қазақстан Республикасының 70-тен астам азаматы тиісті орынға шетелдік азаматтардың келгені туралы уақытылы хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: