Полиция 9 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген азаматты ұстады

Полиция 9 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген азаматты ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2024 12:34 Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысының полициясы 9 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 9 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген жергілікті тұрғынды анықтады.

35 жастағы іздеуде жүрген қылмыскерді полиция қызметкерлері Сайрам ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде ұстады.

Күдіктінің 2015 жылы атыс қаруын қолданып, ауыр қылмыс жасағаны үшін іздестірілгені анықталды. Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынды.

Тергеу күдіктінің қылмысқа қатысы бар екенін толық дәлелдеді, ал жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: