Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысының полицейлері 9 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады

Түркістан облысының полицейлері 9 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2023 12:25 Сурет: ҚР ІІМ
Түркістан облысының полицейлері "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 9 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 31 жастағы ер адамды ұстады.

Анықталғандай, күдікті деп танылған Ресей азаматына есірткіні заңсыз сақтау қылмысы үшін 2014 жылы іздеу жарияланған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Кентау қалалық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері қылмыскердің орналасқан жерін анықтады.

Одан әрі жедел уәкілдердің жүйелі жүргізілген әрекеттерінің арқасында ер адам Кентау қаласындағы пәтерлердің бірінен ұсталды.

Полицейлер оны қалалық полиция бөліміне жеткізді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Қазіргі уақытта оны экстрадициялау мәселесі шешілуде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: