Түркістан облысының полицейлері халықаралық іздеуде жүрген азаматты қолға түсірді

Халықаралық іздеуде ж.рген адам қолға түсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2023 11:41 Сурет: pixabay
Түркістан облысының полицейлері 7 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген азаматты қолға түсірді

Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, қылмыстардың жолын кесуге және қылмыскерлерді, оның ішінде іздеуде жүргендерді ұстауға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді.

Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері осындай кезекті профилактикалық іс-шаралар барысында 2016 жылдан бері есірткіге байланысты қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын анықтады.

Іздеуде жүрген ер адамды полицейлер Шымкент қаласынан ұстады. Тәртіп сақшылары күдіктіні Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.

Қазіргі уақытта полицейлер тарапынан аталған азаматты экстрадициялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: