Көлік полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты қолға түсірді

Көлік полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты қолға түсірді, - деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"Заңсыз келуші – 2023" жедел-профилактикалық іс-шарасының үш күнінде көлік полицейлері 73 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде 58 шетелдік Қазақстанда болу қағидаларын бұзғаны үшін, оның 54-і ТМД азаматтары болса, алыс шетелдіктердің саны – 4.
Бұл туралы көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов хабарлады.
Оның айтуынша, сот шешімі бойынша 5 шетелдік елден тысқары шығарылды.
"Сондай-ақ осы іс-шара барысында Стамбұл – Алматы бағытындағы әуерейсі ұшып келгеннен кейін Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ-мен бірлесіп Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 158-бабы бойынша мемлекетаралық іздеуде жүрген 33 жастағы Ресей Федерациясының азаматын анықтап, ұстады", - деді Мадияр Айтуғанов.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript