Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда 14 жыл бойы халықаралық іздеуде болған ер адам ұсталды

Жамбыл облысы, халықаралық іздеу, ұрлық, қылмыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2023 15:09 Сурет: polisia.kz
Жамбыл облысының полицейлері 2009 жылдан бері халықаралық іздеуде болған 49 жастағы Ө. есімді ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция департаменті қызметкерлерінің мәлімдеуінше, оған осыдан 14 жыл бұрын Тараз қаласында тонау және бұзақылық деректерін жасағаны үшін іздеу жарияланған. Жедел мәліметтерге сәйкес, ол бірнеше жылдар бойы шет мемлекеттердің аумағында бой тасалаған.

"7 қараша күні жамбылдық полицейлермен арнайы операция жүргізу барысында іздеудегі азамат Алматы қаласындағы фитнес залдардың бірінде ұсталды. Күдіктінің бет-бейнесі өзінің туған ағасына ұқсағандықтан, полиция қызметкерлеріне ол өзін бауырының есімімен таныстырған".Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Полицейлер анықтау жұмыстарын жүргізу үшін оның туған ағасын Жамбыл облысының полиция департаментіне жеткізген. Ағайынды ер адамдардың саусақ іздері алынып, жеке бастары толық анықталған соң іздеудегі азамат Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: