Әлемдегі физикадан ең беделді халықаралық жарыста Қазақстан намысын бес оқушы қорғауда

Сурет: ҚР Оқу-ағартау министррлігінің баспасөз қызметі
Колумбияның Букараманга қаласында мектеп оқушылары арасында физикадан 56-шы Халықаралық олимпиада (International Physics Olympiad, IPhO 2026) өтуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, әлемдегі ең беделді зияткерлік жарыстардың бірі саналатын олимпиада 4-12 шілде аралығында ұйымдастырылып, биыл оған 90 елден 400-ден астам үздік жас физик қатысуда. Олимпиада аясында қатысушылар теориялық және эксперименттік кезеңдерден өтіп, күрделі физикалық есептерді шығарып, зертханалық жұмыстарды орындайды.

"Оқу-жаттығу жиындарының қорытындысы бойынша жасақталған Қазақстан ұлттық құрамасының сапына бес оқушы енді". ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Олар:

  1. Әмірбек Азатбеков - Астана қаласы Нұра ауданындағы физика-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы;
  2. Ілияс Қазымбек - Астана қаласындағы Spectrum International School мектебінің 12-сынып оқушысы;
  3. Нұргүл Егенбергенова - Астана қаласындағы NURORDA мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
  4. Роман Черемнов - Астана қаласы Нұра ауданындағы физика-математика бағытындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы;
  5. Дамир Құрман - Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы.

Ұлттық құраманың жетекшілері

Айта кетсек, физикадан халықаралық олимпиада 1967 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазақстан IPhO олимпиадасына 1997 жылдан бастап тұрақты түрде қатысып келеді. 2025 жылы ұлттық құрама екі күміс және үш қола медаль жеңіп алды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жаңа Конституцияға орай рақымшылық жарияланды: кімдер қылмыстық жауаптылықтан босатылады

Мемлекеттік туды қайда ілуге болады: Үкімет жаңа ережелерді бекітті

Ақтауда жағажайдан итбалықтардың өлекселері табылды

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

Индонезия жағалауында қуатты жер сілкінісі тіркелді