Британдық геологиялық қызметтің (BGS) болжамы бойынша, бұған екі корональды масса шығарындысы және жоғары жылдамдықта ұйытқыған Күн желі себеп.
Бірінші шығарынды 13 тамызда Күндегі жарылыстан кейін орын алды, ал екіншісі 14 тамызда таңертеңгі C4.1 класындағы дүмпумен байланысты болды. Мамандардың есептеулері бойынша, екі шығарынды да Жерге қарай бағытталған.
BGS болжамына сәйкес, 14-15 тамызда геомагниттік белсенділік G1 деңгейіне жетуі мүмкін еді. 15 пен 16 тамыз аралығында ахуал негізінен тынық немесе белсенді болады деп күтілген.
Мамандар корональды шығарындылардың негізгі әсерін кейінірек – 16 мен 17 тамыз аралығындағы болжамды кезеңнің екінші жартысында орын алады деп күтеді. Мұндай жағдайда геомагниттік белсенділік G2 деңгейіне дейін күшеюі мүмкін.
Осылайша, ең белсенді толқулар 17 тамызға қараған түні мен таңға қарай сай келуі ықтимал. Сонымен қатар, мамандар Күн заттарының Жерге келіп жету мерзімі өзгеруі мүмкін екенін де айтады.
G1 деңгейіндегі магниттік дауылдар әлсіз, ал G2 орташа болып саналады. Олар энергожүйелерде ауытқулар тудырып, ғарыш аппараттарының жұмысына әсер етуі мүмкін. Мұндай дауылдар кезінде полярлық шұғылаларды, әдеттегіден төмен ендіктерде де байқауға болады.