Ғалымдар адамның әзіл айту мәнері оның психологиялық мәселелерін көрсетуі мүмкін екенін анықтады

Сурет: magnific
Адамның қалай әзілдейтіні оның ішкі психологиялық құрылымы мен адамдар арасындағы қарым-қатынасты қалай қалыптастыратыны туралы белгілі бір түсінік бере алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әзіл – адамдарға күлкі сыйлаумен ғана шектелмейтін әмбебап құбылыс. Ол эмоцияны реттеу, әлеуметтік байланыстар орнату және күрделі ойларды жеткізу құралы ретінде қызмет етеді.

PsyPost басылымының мәліметінше, соңғы зерттеу сарказм, цинизм сияқты "ащы" немесе қараңғы әзілді жиі ұнататын адамдарда өзге адамдармен қарым-қатынасқа немесе өз эмоцияларын басқаруға кедергі келтіретін кейбір мінез-құлық ерекшеліктері көбірек кездесуі мүмкін.

Ал жеңіл әрі ойнақы әзілді жиі қолданатын адамдарда тұлғалық бұзылыстармен байланысты белгілер азырақ байқалған.

Психологтар әзілді бірнеше түрге бөледі:

Жеңіл әзілге көңілді, ізгі ниетті юмор, мәнсіз қалжыңдар мен тапқырлық жатады. Олар әдетте жағымды эмоциялар мен әлеуметтік байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.

Күңгірт әзілге ирония, сатира, сарказм және цинизм жатады. Бұл стильдер көбіне сын, келемеж немесе өзін өзгелерден жоғары сезінуге негізделеді. Оларды шамадан тыс қолдану қарым-қатынаста шиеленіс тудыруы мүмкін.

Зерттеу нәтижелері әзілдің күңгірт түрлері тұлғаның проблемалық қасиеттерімен тұрақты түрде байланысты екенін көрсетті.

Сарказм мен цинизм пассивті-агрессивті, антиәлеуметтік, нарциссистік, истериялық және шекаралық тұлғалық белгілермен байланысты екенін көрсетті.

Ақымақ әрекеттерді түзету мақсатында келемеждеуді қамтитын сатира нарциссистік және обсессивті-компульсивті белгілермен байланысты болған. Зерттеушілердің болжамынша, нарциссистік тұлғалар өздерін өзгелерден жоғары сезінетінін әлеуметтік тұрғыдан қолайлы түрде жасыру үшін сатираны қолдануы мүмкін.

Ал обсессивті-компульсивті белгілері бар адамдар сатиралық әзілді моральдық қағидалар мен тәртіп сезімін сақтаудың тәсілі ретінде пайдалануы ықтимал.

Ирония шекаралық, параноидты және обсессивті-компульсивті тұлғалық белгілермен оң байланыста болған. Авторлардың пайымдауынша, ирония адамдарға күшті эмоцияларды реттеуге көмектесетін когнитивті қашықтық қалыптастырады.

Әлеуметтік ортадан бас тартуға деген терең қорқынышпен байланысты қашқақтайтын тұлғалық белгілер көңілді, ізгі ниетті әзілмен, мәнсіз қалжыңдармен және тапқырлықпен кері байланыста болған.

Қашқақтайтын белгілері айқын адамдар әлеуметтік жағдайлардан бойын аулақ ұстайды. Сондықтан олардың еркін қарым-қатынас жасап, әзіл алмасу мүмкіндігі де аз болуы ықтимал.

Шамадан тыс назар аударуға ұмтылумен және эмоциялық тұрақсыздықпен сипатталатын истериялық тұлғалық белгілері бар адамдар аудиторияның назарын өзінде ұстап, адамдармен байланыс орнату үшін ойнақы әзілдерді қолдануы мүмкін.

Сөздерді шебер байланыстыруды қажет ететін тапқырлық нарциссизммен оң корреляция көрсеткен. Бұл өзін өзгелерден жоғары көрсетуге ұмтылатын адамдардың басқаларға әсер қалдыру үшін интеллектуалды әзілді пайдалануы мүмкін екенін аңғартады.

Сонымен қатар зерттеуге қатысқан ер адамдар әйелдерге қарағанда "ащы" әзіл түрлерін айту бойынша жоғары көрсеткіш көрсеткен.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай