Арал теңізінің құрғаған табанындағы жасырын қауіп: ғалымдар неліктен оны қайта суға толтырғысы келеді

Сурет: wikimedia
Тарихтағы ең ірі экологиялық апаттардың бірін бастан өткеріп жатқан Арал теңізін қалпына келтіруге қатысты күтпеген ғылыми ұсыныс жасалды. Испаниялық ғалымдар теңіздің бұрынғы табанының бір бөлігін қайтадан су астында қалдыруды ұсынып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

EcologíaVerde басылымының мәліметінше, испандық зерттеушілер тобы Арал теңізінің бір бөлігін қалпына келтіру арқылы оның құрғауы салдарынан пайда болатын көмірқышқыл газының (CO₂) атмосфераға таралуын азайтуды көздейді.

1960 жылдары теңіз тартылып, бұрынғы арнасы құрғай бастағалы бері атмосфераға жүздеген миллион тонна көміртек бөлінген. Енді Science журналында жарияланған зерттеуде теңіз табанының бір бөлігін қайтадан су басу арқылы тағы 605 миллион тонна CO₂ бөлінуінің алдын алуға болатыны айтылған. Алайда жобаны жүзеге асыру үшін миллиардтаған еуро инвестиция қажет.

Зерттеушілер теңіздің құрғаған табанының кейбір бөліктерін қайтадан су астында қалдыруды ұсынып отыр. Бұл оттегінің шөгінді қабаттарға одан әрі енуіне жол бермей, органикалық заттардың ыдырау үдерісін баяулатуға бағытталған.

Жобаның негізгі мақсаты – Арал теңізін бұрынғы көлеміне толық қайтару емес. Себебі жоғалған аумақтың ауқымы мен аймақтағы мемлекеттердің суға деген қажеттілігін ескерсек, мұндай міндетті орындау өте күрделі.

Оның орнына ғалымдар су басқан жағдайда көмірқышқыл газының бөлінуін барынша азайтуға болатын аумақтарды анықтауды ұсынады.

Бұл бастама қоршаған ортаны қалпына келтіру шараларынан да кеңірек маңызға ие болуы мүмкін. Ғалымдардың пікірінше, ол климаттың өзгеруімен күрестің жаңа құралына айналуы ықтимал.

Еске салайық, бұған дейін Қытайдың 66 миллиард ағаш отырғызғаны, алайда олардың табиғи ормандар сияқты өспейтіні туралы жазған едік.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайбергенді Чилиде жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды

ҰҚК "Қазатомөнеркәсіп" топ-менеджерінің ұсталғанын мәлімдеді

Қазақстанның Азаматтық кодексіне қандай өзгерістер енгізу ұсынылды

Алматы-1 вокзалы жақын күндері ашылады

Президент жанындағы Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына өзгеріс енгізілді