Ұлттық банк өз атынан әрекет ететін алаяқтар көбейіп жатқанын ескертті

Сурет: pixabay
Ұлттық банк алаяқтықпен айналысатын сайттардың көбейгенін ескертеді. Олар өзін жеке инвестиция тарту үшін Ұлттық банк әзірлеген бағдарлама ретінде таныстырады. Ондай «бағдарламалардың» кейбірінде мобильдік қосымша да бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық банктің мәліметінше, анықталған ресурстарда «Мемлекеттің алтын-валюта қорынан» немесе «Қазақстанның ұлттық ресурстарынан» түсетін кірісті бағдарламаға қатысушылардың пайдасына бөлу туралы жалған ақпарат орналастырылған.

Сондай-ақ, Ұлттық банк басшылығының, оның ішінде бұрынғы басшылардың атынан шындыққа сәйкес келмейтін мәлімдемелер, қолданыста жоқ лицензиялардың нөмірлері, жалған құқық белгілейтін құжаттардың скан-көшірмелері де берілген.

Мұндай ресурстарда алаяқтық әрекеттердің белгісі анық білінеді, өйткені:

Түптеп келгенде мұндай фейк сайттардың мақсаты – кездейсоқ интернет-пайдаланушының жеке деректерін жинау және ақша ұрлау.

Ұлттық банк мұндай жарнамаларды елемеуге, керісінше, бұл контентті алаяқтық деп белгілеуге, ал жеке ақпараттың тарап кетуіне жол берілген жағдайда алаяқтық фактісі бойынша іс тексерілуі үшін тиісті өтінішпен құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес береді.ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі
Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты