Әлеуметтік аударымдар мен бірыңғай төлемді қалай төлеуге болады: өзгерістер енгізілді

Налоги, пошлины, калькулятор, коммунальные услуги, квитанция, аудит, расчет, аудитор, юридическая проверка, экономика, предпринимательство, бизнес, инвестиционные контракты, договоры, инвестиции, инвестирование, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2024 11:32 Фото: pexels
Еңбек министрлігінің 2024 жылғы 10 қазандағы бұйрығымен бірыңғай төлемді уақтылы және толық төлемегені үшін бірыңғай төлемнің немесе өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта әлеуметтік аударымдар мен бірыңғай төлем жиынтық төлем тапсырмасы бойынша төленетіні нақтыланды.

Жиынтық төлем тапсырмасы 2024 жылғы 11 қарашадан бастап қолданады:

  • әлеуметтік аударымдарды, сондай-ақ әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті немесе әлеуметтік аударымдарды уақтылы немесе толық төлемегені үшін өсімпұл;
  • бірыңғай төлемді уақтылы немесе толық төлемегені үшін бірыңғай төлем немесе өсімпұл бойынша берешектер.

Әлеуметтік аударымдарды төлеу кезінде жиынтық төлем тапсырмасында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің әрбір қатысушысы бойынша: Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса); ЖСН; әлеуметтік аударым сомасы; әлеуметтік аударым төленетін кезең (ай, жыл) көрсетіледі.

Төлемнің аударылатын сомасы Салық кодексінің 776-3-бабының 1-тармағына сәйкес есептелген мөлшерде көрсетіледі.

Сондай-ақ, жаңа редакцияда формалар да көрсетілген:

  • әлеуметтік аударымдардың қате төленген сомаларын қайтаруға өтініштер;
  • қате төленген бірыңғай төлем сомаларын қайтаруға өтініштер.

Барлық өзгерістер туралы мына жерден оқи аласыз.

Бұйрық 2024 жылғы 11 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: