Жаңалықтар тізбегі
0

Қаржы министрі бюжет қаражатының қайда жұмсалғанын айтты

Тенге, деньги, Казахстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2024 15:22 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев 2024 жылғы 15 қазанда Үкімет отырысында ағымдағы жылдың тоғыз айының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның деректері бойынша, мемлекеттік бюджетке 14 трлн 967 млрд теңге түсті, жоспардың 93,2%-ы орындалды.

"Оның ішінде республикалық бюджетке 9 трлн 74 млрд теңге немесе жоспардың 83,1% түсті. Жоспардың орындалмауы салықтар бойынша түсімдердің 76%-ға төмендеуімен байланысты. Сонымен қатар, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда салықтың жалпы деңгейі сақталуда", – деді Мәди Такиев.

Сондай-ақ, ол жергілікті бюджеттердің кірістері 115%-ға орындалып, 5 трлн 894 млрд теңгені құрағанын атап өтті.

"Жоспар 765 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар бойынша 678 млрд теңгеге асыра орындалды. Барлық өңірлерде табыс жоспарлары артығымен іске асты. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда кірістер 127% — ға өсті немесе 1 трлн 242 млрд. теңгеге артық түсті. Кірістер бойынша мұндай өсім жергілікті бюджеттерге сыртқы факторларға тәуелді емес тұрақты салықтарды бекіту есебінен қамтамасыз етілді, нәтижесінде өңірлердің қаржылық дербестігін кеңейтеді және оларға өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді", – деді министр.

Сондай-ақ, ол мемлекеттік бюджеттің шығыстары 95,6% – ға, Республикалық бюджеттің шығыстары 95,5% – ға, жергілікті бюджеттердің шығыстары 97,4% — ға атқарылғанын хабарлады.

Бұған дейін Қазақстан экономикасының үшінші ай қатарынан өсіп келе жатқандығы белгілі болды. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: