Ресей банкі биыл ақпан айында негізгі мөлшерлеменің 9,5 пайыздан 20 пайызға дейін – екі есе артуынан кейін экономиканың құлдырауынан болып жатқан дефляциялық процестерді ескере отырып, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін оны 9,5 пайызға дейін төмендетті.
Ресейде бірнеше аптадан бері дефляция байқалып отыр, маусымдық түзетілген инфляция соңғы уақытта межеленген деңгейден айтарлықтай төмен болды, бұл ретте мөлшерелемені қарқынды төмендету – заңды құбылыс. Ресейдегі жағдайға қарағанда, Қазақстанда рецессия күтілмейді, керісінше, іскерлік белсенділіктің, сұраныстың өсуі жағдайында қосымша фискалдық импульс аясында инфляциялық қысымның одан әрі күшеюі күтіліп отыр. Осы орайда Ресей мен Қазақстандағы базалық мөлшерлемелерді салыстыру дұрыс емес.Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов
Базалық мөлшерлеменің инфляцияға әсері
Ұлттық Банк инфляциялық таргеттеу режімінде ақша-несие саясатын жүргізе отырып, ортамерзімді перспективада инфляциялық мақсатқа қол жеткізуді көздейді.
Макроэкономикада қабылданған шешімдердің бірден нәтиже бермейтінін түсіну керек. Ұлттық банктің ағымдағы шешімі инфляция бойынша мақсатқа бірден емес, бірнеше айдың көлемінде қол жеткізуге бағытталған. Ұлттық банк орта мерзімді нысаналы бағдарлардан болжанатын инфляция траекториясының алшақтығын қысқарту үшін барлық қажетті шараны қабылдап отыр, инфляциялық таргеттеудің мәні де осында. Әзірге біз ставканы төмендетуге себеп көріп отырған жоқпыз. Мөлшерлеме 2024 жылдың аяғында таргеттелетін диапазонға жақындайтын траекторияға сәйкес инфляция деңгейі азайған жағдайда төмендейді.Ғалымжан Пірматов
Ұлттық банк төрағасы Қазақстан экономикасын кредиттеудегін базалық мөлшерлеменің рөліне де тоқталып өтті. Оның айтуынша, экономиканы несиелендіру мәселелері – Қаржылық реттеу және қаржы нарықтарын дамыту агенттігінің құзыретінде.
Ұлттық банк өз тарапынан 2021 жылдың шілде айынан ақша-кредит саясатын қатаңдату циклін бастады. Егер беріліп жатқан жаңа несиелерді қарастыратын болсаңыз, оның көлемі, әсіресе бизнеске беріліп жатқан несиелер, айтарлықтай қомақты. Мысалға, өткен жылдың өзінде бизнеске берілген жаңа кредиттер 20,3 пайызға өсіп,11,1 трлн теңгеге дейін жетті. Экономикаға берілген несиелердің жалпы көлемі 24,8 пайызға, 19,5 трлн теңгеге дейін өсті. Яғни несиелендіру азайған жоқ. Ғалымжан Пірматов
Пірматовтың сөзінше, Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдағанда инфляциямен күрес пен экономиканың өсуі арасындағы теңгерімді ескере отырып, инфляцияны төмендету бойынша неғұрлым икемді сценарийді таңдады.