Алматы ТКШ қызметтеріне бағаның өсуі бойынша көш басында
ҚР Ұлттық Банкінің "Инфляциялық үрдістер, 2024 жылғы қазан" есебіндегі мәліметінше, жылдық сервистік инфляция негізінен реттелетін тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге тарифтердің өсуі есебінен жеделдейді. Сонымен қатар, жекелеген нарықтық қызметтер бағасының өсуі байқалады.
2024 жылдың қазан айында қызмет көрсету саласындағы жылдық бағаның өсімі 14,3%- ға дейін жеделдеді (2024 жылғы қыркүйекте – 13,6%). Жылдық инфляцияның жеделдеуіне негізгі үлесті реттелетін коммуналдық қызметтердің тарифтерінің 27%-ға дейінгі жылдық өсуі қосты.
Қосымша проинфляциялық әсерді байланыс қызметтері (жылдық мәнде 15,5%) мен көлік қызметтері (12,6%) сияқты нарықтық қызметтер көрсетті. Сонымен қатар, нарық қызметтерінің көпшілігінен дезинфляциялық үрдіс, ал сақтандыру қызметтерінен дефляция байқатты, олардың бағасы жылдық мәнде 1,9%-ға төмендеді.
Сурет: nationalbank.kz
Айлық мәнде қызмет көрсету инфляциясы 1,4%-ға өсті (2024 жылғы қыркүйекте – 1%). Айлық инфляцияның жеделдеуіне негізгі үлесті реттелетін коммуналдық қызметтер қосты, олардың бағасы 3,4%-ға өсті. Сонымен қатар, байланыс қызметтері (2,8%-ға), әсіресе ұялы байланыс қызметтері (5%-ға) қымбаттады. Көлік қызметтерінің бағасының 2,5%-ға өсуі негізінен теміржол тасымалының 13%-ға қымбаттауына байланысты болды.
Сурет: nationalbank.kz
2024 жылдың қазан айында реттелетін тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің тарифтерінің бір айдағы өсу қарқыны 3,4%-ға дейін жеделдеді (2024 жылғы қыркүйекте – 1,2%). Қазанда суды жеткізу тарифтері 25%-ға, су бұру – 5,3%-ға, электр қуаты мен ыстық су – 0,6%-ға, орталықтандырылған жылу – 0,5%-ға, газ – 0,1%-ға өсті.
Ең елеулі өсім Алматы, Ақтөбе, Жамбыл облыстары мен ШҚО — да байқалады.